Қазақстан • 08 Қараша, 2022

Грузия Қазақстаннан 300 тонна күнбағыс майын сатып алды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузия екінші рет Қазақстаннан күнбағыс майын сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузия Қазақстаннан 300 тонна күнбағыс майын сатып алды

Қазақстаннан күнбағыс майын импорттайтын елдердің тізімінде Грузия пайда болды. Бұған дейін Грузия бұл өнімді Украина мен Ресейден алатын. Ал биыл грузиндер Қазақстаннан құны жарты миллион доллардан асатын 300 тоннадан астам күнбағыс майын алды.

«Біз қазақстандық экспорттық өнімдердің барлық перспективалық бағыттарын терең зерттеп жатырмыз. Қазақстандық компаниялардың Грузияны өз өнімдерін кейіннен Батыс және Шығыс нарықтарына экспорттау орны ретінде қарастыруы өте маңызды. Грузия Қазақстан үшін нарықтан гөрі логистикалық мүмкіндікке көбірек ұқсайды. Осылайша, Қазақстанда дәстүрлі түрде сатып алынатын тауарлар Грузия нарығында сұранысқа ие, импорт өсуде. Дегенмен, грузиялық мамандар бұған қоса, қазақстандық өнімдердің Еуропамен еркін сауда туралы келісімі бар Грузия арқылы кеңірек нарықтарға шығуы үшін логистикалық байланысты нығайтуды және кеңейтуді ұсынып отыр», деді Қазақстанның Грузиядағы Құрметті консулы Георгий Джахуташвили.