28 Мамыр, 2014

Мұндай тиiмдi де қуатты институтты құруды Назарбаев ұсынды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-05-14-Euroasian_Union-1

АСТАНА. 28 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қызығушылыққа негiзделген тиiмдi де қуатты институт – Еуразиялық экономикалық одақ құруды ұсынды. Бұл туралы кеше Астана-Мәскеу-Ереван-Киев-Кишинев арасындағы «ТМД Саммитi: Достастық күнiнiң өзектi күн тәртiбi» атты видеокөпiр барысында саясаткер Болат Байқадамов мәлiмдедi. BNews.kz тiлшiсiнің хабарлауынша, бұл кешегі кеңестік кезеңнен қалған кеңістіктегі бірінші бірлестік болып табылады. «ТМД – посткеңестiк алаңдағы алғашқы бiрлестiк. Оған үлкен үмiт артылғанын бiлемiз, кейбiр үмiттер ақталмады да. Сондықтан да 1994 жылы елiмiздiң Президентi ТМД конструкциясының әлсiздiгiн көрiп, экономикалық қызығушылыққа негiзделген тиiмдi, қуатты институт – Еуразиялық экономикалық одақ құруды ұсынды», - дедi Б.Байқадамов осы орайда. «Экономикалық және өзге сәйкестендiру негiзінсiз серiктестiк қарым-қатынас орнату, бiрыңғай экономикалық саясатты және сыртқы факторларға қатысты келiсiлген позицияны қолдау өте қиын. Сондықтан ТМД елдерi одақ құруға белсендi және бейiмделген. Ресей, Қазақстан, Беларусь сынды мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақ деп аталатын экономикалық конструкция құруды қолға алды», - деді саясаткер. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: BNews.kz. Фото: eurasion_union.