Қазақстан • 08 Қараша, 2022

Қазақстандықтардың мойнындағы несие 2,5%-ға ұлғайған

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі жеке тұлғалардың мойнындағы несиенің жалпы сомасы 13 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың мойнындағы несие 2,5%-ға ұлғайған

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5% ұлғайып, 13,1 трлн теңгеге жеткен. Жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,3% немесе 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Тұтыну қарыздарының 2,3% немесе 7,2 трлн теңгеге дейін өскен.

«1 қазандағы жағдай бойынша, банк секторы бойынша өтелмеген қарыздардың деңгейі 802 млрд теңгеге жетіп, жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құрады. Бұл көрсеткіш басында 3,3% немесе 669 млрд теңге еді. Шағын және орта бизнесті қоса алғанда тұлғалардың портфелінде төлеу мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген қарыздардың үлесі 3,5% немесе 349 млрд теңге болып отыр. Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 3,7% немесе 453 млрд теңге. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу 72,8%-ды құрайды», делінген агенттік хабарламасында.