АСТАНА. 28 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ кедендік кедергілерді жойып, ел экономикасын көтеруге жол ашады. Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов осылай деді. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ төңкеріс табалдырығында тұрған әлемде бәсекеге төтеп беріп, көш ілгері жылжиды. Сауда-саттық, мұнай, газ тасымалы, көлік қатынасында кедергі болмайды.
Иманғали Тасмағамбетов: «Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, жаһандық бәсекелестіктің индексі қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі 50-орында. Ресей 64, Белорусь елі 94-орында екен. Меніңше, ХХІ ғасырда қай елдің болмасын ұлылығы мен қарымын инновациялық, ақпараттылық және кәсіпкерлік қабілетінен пайымдауға болады. Сондықтан ЕурАзЭО бәсекеге қабілеттілікті арттырып, экономикалық кеңістікке жол ашады деп сенемін», – деді.
Астана қаласы әкімі айтқандай, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бір-бірінің ішкі ісіне араласпай, егемендік пен мемлекеттік шекараларға қол сұқпайды. Сонысымен-ақ Еуразиялық одақ тұрақты әрі қуатты, тиімді тұстарымен көпшілік қолдауына ие болды. Бұл саяси-экономикалық байланысы берік, өзара ынтымақтастық қарым-қатынасты сақтап келе жатқан мемлекеттердің дамуының жаңа белесі болмақ.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: astana.kz.
Фото: news.nur.kz.
• 28 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ – тұрақты әрі қуатты даму баспалдағы

Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Кеше
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Кеше