АСТАНА. 28 мамыр. Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен кездесті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы және еліміздің болашақ дамуының әлеуеті талқыланды.
Бауыржан Байбек: «Меніңше, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы тарихи шешімнің қарсаңында экономикалық ықпалдастықтың мүмкіндіктері мен келешегі төңірегінде талқылаулар жүргізу маңызды. Экономикалық ықпалдастыққа түсу барысында біз бұл тек жолдың бастапқы кезеңі ғана екенін түсінуіміз керек», – деді.
Жиында Б.Байбек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрын атап өткен экономикалық интеграцияның негізгі принциптеріне де тоқталды.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: «Сол кезде біздің Мемлекет басшысы айтқан көптеген мәселелерді көпшілік жетесіне жетіп, түсінген жоқ. Елбасы сол кезде ықпалдастықтың төрт басым бағытын атап өтті. Біріншіден, ол – прагматизм. Мемлекет пен халықтың мүдделерін ескеру арқылы тек қана экономикалық байланыстарды дамыту. Екіншіден, Мемлекет басшысы көпдеңгейлі, көпжылдамдықты интеграцияны сөз етті. Үшіншіден, ықпалдастық ерікті, ашық және теңқұқылы болуы тиіс деді. Төртіншіге аймақтық қауіпсіздікті жатқызды. Бүгін әлемде түрлі қауіп-қатерлер көп. Бірлесе жүріп, дамыған маңызды. Мына бәсекеге және тартысқа толы дүниеде жалғыз жүру қиын», – деді.
Алдағы уақытта осындай жиындар республиканың барлық жоғары оқу орындарында өтеді деп күтілуде.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: primeminister.kz.
• 28 Мамыр, 2014
Еліміз экономикалық интеграцияға түсу жолының бастауында тұр

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53