Медицина • 09 Қараша, 2022

Жедел жәрдемге – жүрдек көлік

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі екі жылда бюджет есебінен облыстық жедел жәрдем стансасына 60 санитарлық автокөлік берілді. Оның ішінде Hyundai, JAC, УАЗ көліктері бар. Ал жақында аталған станса тағы 20 көлікпен толықты.

Жедел жәрдемге – жүрдек көлік

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина саласының материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе халықтың өмірін сақтауда үлкен ықпалы тиетін жедел жәрдем қызметінің жеделдігін арттырудың маңызы зор. Санитарлық көлік паркін жаңартуға байланысты Жол картасын іске асыру мақсатында 20 жаңа көлік беріліп отыр. Облыстық жедел жәрдем қызметінің жаңа көліктермен толығуы аталған станса бригадаларының жедел­дігін арттырады, – дейді облыс әкі­мінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Облыстық медициналық жедел жəрдем стансасының директоры Азамат Ерболовтың мәліметінше, қаржылық лизинг шартына сәйкес «Hyundai Trans Auto» серіктестігінен «С» санатындағы 10, «В» санатымен 10 Hyundai H350 автокөлігі сатып алыныпты. Жақында 5 JAC көлігі жеткізіледі. Жаңа автокөліктер медицина қызметкерлерін шақыртуларға баруға, пациенттерді ауруханаларға жылдам жеткізуге, алғашқы медици­налық көмекті сапалы көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, коронавирус инфекциясының шарықтау кезе­ңінде жедел жәрдемге күніне 1 мыңнан аса қоңырау шалынған.

– Жедел жəрдем стансасының меди­циналық көлік паркі 2,5 есеге ұлғайды. Жаңа реанимобильдер алғаш­қы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті жабдықпен жабдықталған. Оның ішінде озық үлгі­дегі дефибриллятор, жасанды тыныс алу аппараты, электрокардио­граф (ЭКГ), тағы басқа неміс жəне италиялық медициналық жабдық­тармен жабдықталған. Биыл жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Алдағы жылы жедел жәрдем қызмет­керлерінің жалақысын көтеру мəселесі көзделіп отыр, – дейді Азамат Ерболов.

 

Атырау облысы