Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа депутатты құттықтап, қызметіне табыс тіледі.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Дмитрий Легкий.
Мәжілістің жалпы отырысында Дмитрий Легкий қай комитет құрамына кіретіні де айтылды. Ол Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде қызмет атқарады.
«Дмитрий Максимович – тарихшы, қоғам қайраткері, ұстаздық тәжірибесі мол, көп жылдар бойы Қостанай педагогикалық институтының, одан кейін Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих-құқықтық факультеттерінің меңгерушісі болып қызмет атқарды», деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмиля Нұрманбетова.