АСТАНА. 29 мамыр. Мемлекет басшысының биылғы жылдың 28 сәуірінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісін әлем сарапшылар, әсіресе, Еуропа одағы мұқият зерттеуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мәселен, Брюссельде қазақстандық журналистерге берген сұхбатында еуропалық алдыңғы қатарлы сарапшы, «Шығыс-Батыс» институтының ғылыми қызметкері Данил Бочкарев: «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы дәрісі ықпалдастық үдерістер жайындағы ММУ-дегі бірінші дәрісінен кейін 20 жылдан соң болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты ғылыми тұрғыдан болжау дарыны мен саяси даналығы оны еуразиялық интеграцияның архитекторы ретінде көрсетті. Енді ертең Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол қою рәсімі өтпек. Бұл қозғалыс дұрыс бағытта келе жатыр», – деді.
Еуропалық сарапшының айтуынша, орта және шағын елдерге ірі мемлекеттермен бірлеспей өмір сүру өте қиынға соғады.
Данил Бочкарев: «Біз осындай интеграциялық үдерістер Азияда басталғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар бұндай қадамдар Солтүстік Америкада да, Латын Америкасында да жүріп жатыр. Бұл жалпыәлемдік трендтердің бөлігі. Осы шаралар азиялық нарықта төтеп беруге, сондай-ақ, Еуропалық одақпен өзінің келіссөздер ұстанымын нығайтуға көмектеседі», – деді.
Жалпы, Данил Бочкаревтің пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ құрудың ішкі мәнінде бірқатар экономикалық алғышарттар мен басымдықтар бар. Тез өзгеріске ұшырайтын әлемде және халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында аталған одақты құру қатысушы мемлекеттерге пайдасын тигізеді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: «24kz».
• 28 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы бизнесті дамытуға оңтайлы әсер етеді

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Президент • Бүгін, 17:38
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Президент • Бүгін, 17:23
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Президент • Бүгін, 17:05
Шымкентте балық шаруашылығын технологиялық жаңғыртудың жаңа бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:03
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Бүгін, 15:46
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Спорт • Бүгін, 15:43
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Президент • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Президент • Бүгін, 14:22
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Ғылым • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 12:33
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:38
Алматыда ғалымдар марапатталды
Ғылым • Бүгін, 11:02
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Қоғам • Бүгін, 10:10