Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл 2-ЖЭО аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Ол 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сол күні аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.
Қазір істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалады.
Айта кетейік, бұл Петропавлдағы ЖЭО-2-де адам өліміне қатысты бірінші оқиға емес.
2021 жылдың қаңтарында Петропавл ЖЭО-2-де күл шығару қазандығын тазалау кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған жұмысшы қайтыс болған еді.