Ауа райы • 09 Қараша, 2022

Еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс таулы аудандарында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, бірнеше өңірде қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірнеше өңірінде қар жауады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің басым бөлігінде тұман, солтүстікте, шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жел күшейіп, төменгі боран байқалады.

Астанада ауыспалы бұлт, кейде аздаған қар, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2...- °С, күндіз 0...-2°С болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. 0-5 м/с дейін жел соғады. Түнде ауа температурасы -1...-3°С, күндіз +4...+6°С болады деп күтіледі.

Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді, бірақ ауыспалы бұлттылық сақталады. Түнде тұман болады. Шығыстан жел соғып, 3-8 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -2...-4°С, күндіз +9...+11°С болады.