Қоғам • 10 Қараша, 2022

Астана тұрғыны бейтаныс адаммен 21 жыл некеде тұрған

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана тұрғыны egov.kz сайтынан өзінің 20 жылдан аса уақыт бейтаныс адаммен заңды некеде тұрған. Әйел 2001 жылы тіркелген некесі жайлы енді ғана біліп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Астана тұрғыны бейтаныс адаммен 21 жыл некеде тұрған

Елорда тұрғыны күтпеген жаңалықты біле сала, некені тіркеуші орындардан мұны жоққа шығаруды сұрайды. Десе де, құзіретті мекеме мамандары ол үшін заңды некедегі «ерлі-зайыптылардың» екеуі бірдей АХАТ бөліміне барып, өтініш беру керектігін айтқан.

Алайда кездейсоқ күйеуі мұндай заңды өтінішпен АХАТ бөліміне барудан үзілді-кесілді бас тартады. Амалы қалмаған әйел некені тіркеу туралы актілік жазбаның күшін жоюға Әкімшілік акт қабылдауға мәжбүрлеу туралы талаппен елорда сотына жүгінуге мәжбүр болған.

Нәтижесінде келісім бекітілді, оның шарттары бойынша әкім аппараты некені тіркеу туралы жазбаның күшін жою туралы Әкімшілік қолайлы акт қабылдауға міндеттеледі.