Спорт • 10 Қараша, 2022

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық қала чемпионаты өтеді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 14-16 қараша аралығында елорданың «Алау» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан ASTANA-OPEN ашық қалалық чемпионаты өтеді. Оның қорытындысы бойынша Астана құрамасының сапына 24 мықты спортшы іріктеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада мәнерлеп сырғанаудан ашық қала чемпионаты өтеді

Турнирге қатысуға спортшылардан 250-ге жуық өтінім түсті.

«Елордада қалалық ашық біріншілік екінші мәрте өтіп жатыр. Биылғы жылы балалар мен жас жігіттер, спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері қатысады. Жекелей жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда Қарағанды, Атырау, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан 250-ге жуық өтініш келіп түсті», деді қалалық Спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін. Сондай-ақ чемпионат YouTube желісінде тікелей көрсетіледі.