«Түркі мемлекеттері ұйымының осы кезекті басқосуы аса маңызды деп ойлаймын. Қатысып отырғаныма ризамын. Ең алдымен, осы іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, зор қонақжайлық көрсетіп, жылы қарсы алған Өзбекстан Президенті, қадірменді Шавкат Миромонович Мирзиёевке ерекше алғыс айтамын.
Жиынымыз Түркі әлемінің мақтанышы – көне Самарқанд шаһарында өтіп жатыр. Бұл қала тарихи тамыры терең өркениет ошағы ретінде бүкіл әлемге танымал. Самарқанд қаласы Жібек жолының алтын көпірі екенін барша түркі халықтары мойындаған», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Айта кетейік, осы киелі жерде Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық ету құқығы Өзбекстан Республикасына беріледі. Қазақстан Президенті Өзбекстан тарапы бұл міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің отырысында сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вице-министр: «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз
Туризм • Бүгін, 15:00
Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:45
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:04
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:27
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29