Ерлан Қошанов цифрлық технологияларға үлкен үлес қосылып жатқанын атап өтті. Болашақта Қазақстан өңірлік цифрлық хабқа айналады. Ал цифрландырудың ел экономикасына қосатын үлесі екі еседен астам артады. IT секторында 150 мыңға жуық жаңа сапалы жұмыс орындары ашылады.
«Біз сіздің бағдарламаңызды талдадық және цифрландыру бастамаларын көрмедік. Сіздің Қазақстандағы цифрландыруды дамытуға деген көзқарасыңызды білгіміз келеді», деді Ерлан Қошанов
Қойылған сауалға жауап берген Мейрам Қажыкен бірде-бір заманауи экономика цифрландырусыз жүре алмайтынын, өйткені бұл заман талабы екенін алға тартты.