Бұл туралы сенбі күні Түркияның Ішкі істер министрлігіне қарасты көші-қон жөніндегі бас басқарма басшылығы хабарлады.
Биылғы жылы 248 727 мигранттың Түркияға заңсыз кіруіне тосқауыл қойылған. Жалпы, 2016 жылдан бері Түркияға заңсыз кіре алмаған мигранттар саны 2 712 148-ге жетті.
Ведомствоның хабарлауынша, қабылданған шаралардың арқасында Түркияға шығыс және оңтүстік шекарадан өткен заңсыз мигранттар саны өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға азайған.