Спорт • 12 Қараша, 2022

Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылар 21 медаль жеңіп алды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасы  Амманда (Иордания) өткен бокстан Азия чемпионатында жалпы медальдар саны бойынша бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшылар 21 медаль жеңіп алды

Қазақстан боксшылары барлығы 21 медаль жеңіп алды – 6 алтын, 7 күміс және 8 қола. Екінші орынды 13 медальмен Өзбекстан құрамасы иеленді – 6 алтын, 3 күміс және 4 қола. Үндістан 12 медаль – 4 алтын, 2 күміс және 6 қоламен үшінші болды.

Барлығы: 

1. Қазақстан – 6-7-8
2. Өзбекстан – 6-3-4
3. Үндістан – 4-2-6
4. Иордания – 2-3-2
5. Тайланд – 2-2-1
6. Жапония – 1-5-1
7. Оңтүстік Корея – 1-1-4
8. Тайвань – 1-0-3
9. Филиппин – 1-0-2
10. Вьетнам – 1-0-1
11. Моңғолия – 0-2-8
12. Қырғызстан – 0-0-4
13. Иран – 0-0-2
13. Тәжікстан – 0-0-2
15. Пәкістан – 0-0-1.