29 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 440

276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 21, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Негізінде алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу жүзеге асырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының растаманы беру қағидаларында: көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада: 3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «20 жылғы « » « » бастап 20 жылғы «___» « » аралығындағы кезеңде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 151-1, 151-2, 151-3, 151-4, 151-5, 151-6, 151-7, 151-8, 151-9, 151-10-баптарында көрсетілген қызмет түрлерінен түсетін табыстарға жатқызу туралы растау-анықтаманы беруді сұраймыз (қажеттісінің астын сызу керек).». 2. Осы қаулыны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.