Қазақстан • 14 Қараша, 2022

Қазақстанда балық экспорты артты

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның табиғи су айдындарында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда балық экспорты артты

Өткен жылы 15 мың тоннаға жуық тауарлық балық өсірілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 5,5 есе жоғары. Сонымен қатар, Қазақстанға 41 мың тоннаға жуық балық өнімдері, негізінен мұхиттық және теңіз балық түрлері (скумбрия және майшабақ) әкелінеді және шамамен 25 мың тонна экспортталады. Бұл ретте, отандық балық өнімдері әлемдік нарықта табысты бәсекеге ие», деді Серікқали Брекешев.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта ведомствоның негізгі міндет - балықтың ішкі тұтынуын арттыру, сондай-ақ теңіз балық шаруашылығын игеру және тауарлық балық шаруашылығын дамыту есебінен экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру.

«Балық саласы экономикалық өсу мен халықты жұмыспен қамтудың негізі ретінде экономикадағы маңызды салалардың бірі болып есептеледі», деп толықтырды Серікқали Брекешев.