Кино • 14 Қараша, 2022

Алматыда «Бастау» кинофестивалі оныншы рет өтеді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Бастау» X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді. Биылғы маусым 2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда «Бастау» кинофестивалі оныншы рет өтеді

Фестивальді Tanaris Production кинокомпаниясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Фестивальге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қолдау көрсетпек.

Жоба әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады.  

Фестиваль президенті Сергей Әзімов атап өткендей – «Бастау» жас режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсынады. «Бастау» он жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді және фестивальдің кәсіби және тату командасының арқасында барлық қиындықтардан сәтті өтуде.

145

«Сондықтан біз үшін басты идея, негізгі тұжырымдама мынандай болды: біз бәріміз - ұйымдастырушылар, басшылар -  ең жоғары кәсіби мағынадағы қызмет көрсетуші персонал болуымыз керек. Біз осы оқиғаның басты кейіпкерлері – авторлар, режиссерлер, операторлар, драматургтер, жас актерлер айналасында құрылған инфрақұрылымды жасаймыз. Мұның бәрі олар үшін. Біз оларға осыны сезіндіруіміз керек», дейді ол.

Биылғы жылы фестиваль режиссер Яна Скопинаның «Скоро кончится лето» атты фильмінің  премьерасымен ашылады.

Фестивальдің ашылуы 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.