Президент • 14 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстанбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айтты

– Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, 13 қарашада Ыстанбұлдың туристік орталығында жарылыс болған еді.