Президент • 14 Қараша, 2022

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

о