Қоғам • 14 Қараша, 2022

Өзбекстан АЭС саларда Қазақстанның пікірін ескеруі керек - министр

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өзбекстаның Қазақстанға жақын жерде атом электр стансасын салу жоспарына түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстан АЭС саларда Қазақстанның пікірін ескеруі керек - министр

Экология министрлігінің басшысы АЭС құрылысы кезінде Қазақстанның пікірін ескеру керектігін айтты.

«Менің ойымша, бұл атом электр станциясын салу немесе салмау туралы шешім Қазақстан тарапының пікірін ескере отырып қабылданады. Менің білуімше, бұл атом электр станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Біз барлық экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, өз ұстанымымызды қорғайтынымыз анық», деді Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, 2018 жылдың қыркүйегінде Ресей мен Өзбекстан атом электр станциясын салу туралы келісімге қол қойған болатын.

Өзбекстан Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Джизах облысындағы Тұзқан көлінде атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр.