29 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №473

313 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2014 жылғы 11 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1439 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1439 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №76, 996-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «3. Стратегиялық бақыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде: «3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген кіші бөлімде: «Әділет органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету» деген 5-стратегиялық бағытта: «Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» деген 5.1-мақсатта: мына: « 2.ЖБИ рейтингіндегі «Бизнесті бастау үшін қажетті рәсімдер саны» ДЭФ есебі орын 47 47 46 45 44 43 42 индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту 3.ЖБИ рейтингіндегі «Бизнесті бастауға қажет уақыт» индикаторы бойынша ұстанымды жақсарту ДЭФ есебі орын 80 82 81 80 79 78 77 деген жолдар алынып тасталсын; «7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде: «7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде: 001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «8 753 880» деген сандар «8 869 003» деген сандармен ауыстырылсын; 002 «Сот сараптамаларын жүргізу» деген бюджеттік багдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шышстар көлемі» деген жолдағы «3 539 229» деген сандар «3 619 961» деген сандармен ауыстырылсын; 009 «Құқықтық насихат» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «516 909» деген сандар «528 701» деген сандармен ауыстырылсын; 013 «Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «4 256 226» деген сандар «4 280 597» деген сандармен ауыстырылсын; 022 «Әділет органдарының күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «2 352 346» деген сандар «2 651 597» деген сандармен ауыстырылсын; 047 «Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және инвестициялық шарттар жобаларының құқықтық сараптамасы» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығастар көлемі» деген жолдағы «7 088 945» деген сандар «8 695 435» деген сандармен ауыстырылсын; 055 «Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының қызметін қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «333 225» деген сандар «355 976» деген сандармен ауыстырылсын; «7.2. Бюджеттік шығыстардың жиыны» деген кіші бөлімде: «2014 жыл» деген бағанда: «Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ:» деген жолдағы «30359 746» деген сандар «32 520 256» деген сандармен ауыстырылсын; «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «29 996 297» деген сандар «32 156 807» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.