Туризм • 14 Қараша, 2022

Қытай қазақстандық туристерге қойылатын талаптарды өзгертті

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай Қазақстаннан келген туристерге қойылатын талаптарды өзгертті. Бұл туралы Қазақстандағы Қытай елшілігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай қазақстандық туристерге қойылатын талаптарды өзгертті

Мәлімдемеде атап өтілгендей, HS Денсаулық кодын (немесе HDC) алу талаптары өзгерді. Елшілік бұл «эпидемияны бақылау мақсатында» жасалғанын айтады.

Енді Қазақстаннан Қытайға баратын жолаушылар ұшуға дейін 48 сағат ішінде Қазақстан аумағында ресми тіркелген зертханада ПТР-сынама тапсыру қажет.

Сонымен қатар ПТР тестінің нәтижесін қоса, қажетті құжаттарды жүктеу және жіберу арқылы денсаулық кодына өтініш беру керек.

Дипмиссия өтінімді өңдегеннен кейін Қытайдың Қазақстандағы елшілігі немесе бас консулдығы «денсаулықтың жасыл кодын» уақытылы беретінін нақтылайды.

Нәтижесінде барлығы үш құжат қажет: ұшуға дейін 48 сағат ішінде теріс ПТР сынағы, паспорттың басты беті және бағыты көрсетілген авиабилеттер.

Айта кетсек, 28 маусымнан бастап басқа талаптар қолданылды.

Қажетті құжаттар тізімінде:

  • Ұшуға дейін 48 сағат ішінде ПТР сынағының теріс нәтижесі.
  • Ұшуға дейін 24 сағат ішінде ПТР сынағының теріс нәтижесі.
  • Төлқұжаттың басты беті.
  • Вакцинация паспорты (бар болса).
  • Бағыты көрсетілген авиабилеттер (Қазақстан аумағы бойынша ұшуды қоса алғанда).