«2022 жылғы 21 қазанда ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті», делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қылмыстық топтың белсенді қатысушысы 700 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталған. Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынды.