Ауа райы • 14 Қараша, 2022

Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

169 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің 17 облысында қатты жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Алматы облысында күндіз жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан таулы аймақтардың кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жел соғады. Қонаев қаласында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20  м/с жел соғады.

15-16 қарашада солтүстікте, Жетісу облысының тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с жел күтіледі.

15 қарашада солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында көктайғақ болады. Батыстан соққан жел екпіні 23 м/с. Қызылордада 15 қарашада батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда 15 қарашада баяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде 15 қарашада солтүстік-батыстан екпіні 15 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, төмен қарлы боран болады. Петропавлда 15 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

Астанада жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан  екпіні 17-22 м/с жел соғады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Атырауда 15 қарашада солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Павлодарда 15 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде және Көкшетау қаласында жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 17-22 м/с күшейеді. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында аздаған бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Семейде 15 қарашада оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Өскеменде 15 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында жауын-шашын, көктайғақ күтіледі (негізінен қар жауады). Облыстың шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Қостанайда көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Шымкентте таңертең қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с. Түркістанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 15 қарашада түнде және таңертең қалың қар жауады деп күтілуде. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жолдарда қар жауады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні 17-22 м/с, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 28 м/с. Жезқазғанда кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Батыстан екпіні 17-22 м/с жел соғады.