Экономика • 14 Қараша, 2022

Қостанай комбайнына сұраныс жоғары

324 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қостанайдағы «Агро­машХолдинг KZ» зауы­ты биыл 900-ден астам «Es­sil» комбайны мен «Lovol» трак­тор­ларын құ­рас­­тырып шы­ғар­­­ды. Соң­­ғы жыл­дары отан­­­дық өндіріс­тің жер­гі­­­­­лік­­­­ті үлесін арт­тыруға ден қо­йып отыр­­ған ірі кә­­­сі­п­­­­­­­­орында таяу­­­да ауыл­шаруа­шылық техника­лары ка­­­­­би­­­­­­­­­на­­­­­­ларын дә­­не­­кер­леп шығаратын тағы бір желі іске қосылды.

Қостанай комбайнына сұраныс жоғары

Зауыт басшыларының ай­туынша, дәнекерлеу цехы әзірше «Lovol» тракторларының кабиналарын жасап шығарады.

– Біз бұл жобаны жүзеге асыру үшін былтыр қыс бойы дайындық жүргіздік. Өндіріс алаңын дайындап, оны қажетті құрылғылармен жабдықтаудың өзіне көп уақыт шығындадық. Оның сыртында, жаңа желіде жұмыс істейтін мамандар­ды шетелге оқуға жіберіп, кәсі­би білік­тілігін арттыру, тәжірибе ұштау курс­тарын ұйымдастырдық. Нәтижесін­де, қазір дәнекерлеу цехы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Тәулігіне 10 кабина шығарады, – дейді кәсіпорынның техникалық даму жөніндегі директоры Владимир Воловоденко.

«АгромашХолдинг KZ» АҚ аумағындағы ауылшаруашылық техникалары өндірісінің отан­дық үлесін арттыруға бағытталған локализациялық орталықта металды лазермен кесу, ию, майыс­тыру, сырлау және дәнекерлеу орындары мен кабиналардың пластик бөлшектерін, дән себетін техникалар мен оларға қажет қосалқы бөлшектерді жасайтын, сондай-ақ тораптар мен термошу оқшаулағыштарды шығаратын құрастыру конвейерлері мен авто­маттандырылған желі­лер орнатылған. Зауыт бұл құрыл­ғылардың бәрін «Өнеркәсіпті дамы­ту қоры» АҚ-ның қаржы­лай қолдауымен сатып алып отыр. Локализациялық орталық­тың алдағы мақсаты – ауылшаруа­шылық техникаларына арналған қосалқы бөлшектер өндірісін ұлғай­тып, «Кировец», «Essil», «Lovol», «Pottinger» брендтеріне қажет бөлшектерді шығаруға көшу.

Локализациялық орталықтың кеңсе ғимараттары, заманауи құрыл­ғылармен жабдықталған әмбе­бап цехтары, сонымен қатар ар­найы оқу орталығы, 100 орын­дық жай­лы жатақханасы бар. Зауыт бас­шы­ларының айтуынша, мұның бәрі жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызып, отан­дық өндірісті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Локализациялық орталық, бірін­шіден, тұтынушылардың арзан әрі жоғары сапалы өнімд­і сатып алуы­на мүмкіндік бере­ді, екіншіден, кәсіп­орын жұмыс­шы­ларының қолайлы жағ­дайда еңбек етуіне қол жеткізеді. Ма­ман­дар кешенді жоба алдағы уа­қыт­та импорт көлемінің едәуір кеми тү­суіне ықпал ете бастайды деген пікірде.

Локализациялық орталықтағы өндірістік жобалар қазірдің өзінде Pöttinger, Deutz-Fahr, PKF Luidor секілді әлемге танымал компаниялармен және Қостанай трактор зауытымен бірлесе отырып жүзеге асырылуда. Бірлескен жоба жергілікті өнім саналатын «Lovol тракторлары» мен «Essil» комбайндарының отандық үлесін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

– Ешқашан тек ірі торапты құрас­тыру­мен ғана айналысамыз деген мақсат қойған емеспіз. Осыған орай, біз біріншіден, өндіріс ауқымын кеңейту керек­тігін, екіншіден, локализацияны тереңдету қажеттігін түсіндік. Локализациялық орталық­тың ашылуы біздің кәсіпорынның қызмет көрсету аясын бірнеше есе ке­ңейтеді. Біз жаңа жоба жасау арқылы ауылшаруашылық техникасының отандық өндірісін түбегейлі өзгер­те­тін жарқын келешекке қадам бастық, – дейді «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті Динара Шукижанова.

Зауыттың коммерциялық директоры Николай Пархоменконың айтуынша, жергілікті ауылшаруа­шылық тауарларын өндірушілер тарапынан отандық техникаға деген сұраныс жыл санап артып келеді.

– Сұраныстың жоғары болуының басты себебі – біз өзіміз шығарып жат­қан трактор-ком­байндардың техни­ка­лық мүм­кіндіктерін жетілді­ріп, модер­низациялауға баса көңіл бөле бастадық. Бүгінде біздің өнімдер са­пасы жағынан шетелдік техни­ка­лар­ға бәсеке бола алатын жағдайға же­тіп қалды. Мұның сыртында, қос­та­найлық техника мен осын­да өндіріліп жатқан қосалқы бөл­шек­тер импортты техника мен шетелден келетін қосалқы бөлшектерге қарағанда 2-2,5 есе арзан, – деді Н.Пархоменко.

Нарықта жоғары сұранысқа ие «Essil» комбайны мен «Lovol» тракторларын былай қойғанда, бүгінде шаруашылықтардың көбі Қостанай зауытынан енді ғана шыға бастаған «Deutz-Fahr» маркалы жаңа тракторлар мен комбайндарға қызығушылық танытып отыр. Былтырдан бері «АгромашХолдинг KZ» АҚ мен «SDF Group» компаниясы бірлесіп іске асыра бастаған ілкімді жобаның аясында биыл ауылшаруашылық техникаларын құрастыратын Қостанай зауыты 68 «Deutz-Fahr» тракторы мен осы сауда белгісіндегі 14 комбайн жасап шығарған.

 

Қостанай облысы