Ауа райы • 15 Қараша, 2022

Бүгін ауа райы қандай болады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклон өз ықпалын сақтайды соған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады

Қазгидромет мәліметінше, елде сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Еліміздің орталығында, оңтүстік-шысында өте қатты жел 30 м/с және одан да жоғары күтіледі. Солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде тұман болады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүсік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және оданда жоғары болады.

Қостанай облысының шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында , түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстік жартысында қатты жауын-шашын күтіледі.