28 Мамыр, 2010

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде “Ғылымды дамыту мәселелерін заңмен реттеу туралы” атты та­қырыпқа арналған дөңгелек үстел болып өтті. Оны “Нұр Отан” ХДП жанындағы Құ­қық кеңесі мен Еуразия ұлттық университеті бірлесіп өткізді. Шараның мақсаты – “Ғылым туралы” заң жобасын талқылауға арналды. Ғылымның еліміздегі одан әрі дамуын ескерген талқылауға қатысушылар жаңа жобаға қоғамдық негіздегі сараптама жасап, оның тиімділігін арттыру бағытында көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Дөңгелек үстелге Парламент депу­тат­тары, Білім және ғылым министрлігінің басшылары, “Нұр Отан” ХДП Пар­ла­мен­таризм институтының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жақсыбай САМРАТ.