Спорт • 16 Қараша, 2022

Боксшылардың әлемдік рейтингі жаңартылды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ESPN телеарнасының сайты барлық боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылардың әлемдік рейтингі жаңартылды

Орта салмақ рейтингінде Қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы өз позицияларын өзгерткен жоқ.

Көшбасшылардың үштігі де өзгеріссіз қалды.

ESPN ұсынған орташа салмақтың толық рейтингі келесідей:

1. Джермалл Чарло (АҚШ)
2. Геннадий Головкин (Қазақстан)
3. Деметриус Андраде (АҚШ)
4. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
5. Риота Мұрата (Жапония)
6. Хайме Мунгия (Мексика)
7. Кіші Крис Эубанк (Ұлыбритания)
8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
9. Эрисланди Лара (Куба)
10. Эскива Фалькао (Бразилия)