28 Мамыр, 2010

ЖАҢА ЖҰМЫС ТӘРТІБІ БЕКІТІЛДІ

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” партиясының Орталық аппаратында “Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған  үдемелі индустриялық-инновациялық даму” мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асы­рылу барысын талқыға салған Партияаралық кеңестің  ІX отырысы өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Жиынға саяси партиялар жетекшілері, Парламент депутаттары, Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы  минис­тр­ліктері, сараптама қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты. Бағдарламаға сәйкес алдағы 5 жылда үш маңызды мәселе өз шешімін табуға тиіс. Олар: мұнай мен металл өңдеуден барынша көп пайда табу;  тұрғындарды маңызды жобаларға тарту арқылы қазақ­стан­дық­тар­дың игілігін және еңбек өнімділігін арттыру;  транзиттік мүмкіндікті пайдалану. Осы мәселелерді шешу үшін 12 негізгі сала анықталды. Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар қабылданып, Партияаралық кеңестің жаңа жұмыс тәртібі бекітілді.