Парламент • 16 Қараша, 2022

Ольга Перепечина Румыния СІМ Мемлекеттік хатшысымен кездесті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен кездесті, деп хабарлады Egemen.kz.

Ольга Перепечина Румыния СІМ Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Ольга Перепечина өз сөзінде Румыния Қазақстанның маңызды әріптесі екенін айта келіп, Астана мен Бухарест арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің елдеріміздің өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі күн тәртібін Парламенттердің байланысы бойынша да қолдау және ілгерілету қажет деп санаймыз. Сенат пен Мәжілісте Румыниямен ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмыс істеп келеді. Біз сондай-ақ халықаралық парламенттік алаңдарда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы және Парламентаралық Одақ аясында бірге румындық әріптестермен жұмыс байланыстарын орнатуға мүдделіміз», деп атап өтті Төраға орынбасары.

Ольга Перепечина сонымен қатар ауқымды ішкі саяси өзгерістер аясында өткелі жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауы туралы мейманға айтып берді.

Юлиан Фота өз кезегінде Румыния Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екенін атап өтті.