26 мамырда Сағынбек Тұрсыновтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның “2009 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы” баяндаманың (бұдан әрі – Комиссия баяндамасы) жобасын талқылауға арналған кеңейтілген отырысы болып өтті.
Отырыс халықаралық және ұлттық сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдар басшыларының, еліміздің үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, сот жүйесі, адвокатура институты, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасын оны дайындауға қатысқан комиссия мүшелері Тастемір Әбішев, Леонид Мартынов, Виталий Воронов және Еңлік Нұрғалиева таныстырды.
Жан-жақты талқылау нәтижелері бойынша Комиссияның “2009 жылы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы” баяндамасын Мемлекет басшысының қарап, бекітуіне ұсыну туралы шешім қабылданды.