Аймақтар • 17 Қараша, 2022

Павлодар облысында бір отбасының бес адамы уланып қалды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында бір отбасының бес адамы көміртегі тотығымен уланған. Зардап шеккендердің арасында 11 және 13 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында бір отбасының бес адамы уланып қалды

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Евгеньевка ауылындағы жеке үйлердің бірінде болған.

«14 қараша кешкі уақытта үйдегі пешке от жағылған. Ал келесі күні таңертең бүкіл отбасы өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырады. Тексеру кезінде дәрігерлер үй тұрғындарының көміртегі тотығымен уланғанын анықтады», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер сол күні Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді.

 «1958 және 1989 жылы туған әйелдерде, сондай-ақ 37 жастағы ер адамда көміртегі тотығымен уланудың жеңіл дәрежесі анықталды. Тексеруден кейін ересектер амбулаториялық емге ауыстырылып, үйлеріне жіберілді, ал балалар ауруханада. Олардың жағдайы тұрақты», дейді баспасөз қызметіндегілер.