Ауа райы • 17 Қараша, 2022

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің бес облысында тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, таулы асуларда жел екпіні 15-20 м/с болады. 18 қарашада түнде және таңертең Шымкент, Түркістан қалаларында кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.