Қазақстан • 17 Қараша, 2022

Қызмет барысындағы ерлігі үшін елордалық өрт сөндірушілер марапатталды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызмет барысындағы ерлігі үшін елордалық өрт сөндірушілер марапатталды

«Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды», деп жазылған хабарламада.

в

Забикулин Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны

1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған.

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Қарақөткел» ӨБ-9 өрт сөндіру постының қарауыл басшысы ретінде бастаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқар жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған.

в

Кемпіров Аян Алматұлы – азаматтық қорғаныс аға сержанты

1988 жылы 5 мамырда Қостанай қаласында туған.

Қарағанды политехникалық колледжін сарапшы-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметіне 2021 жылы тағайындалған.