28 Мамыр, 2010

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ

482 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
“Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ” Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы болып өтті Қазақстан Республикасы Пар­ла­ментінің Мәжілісінде ұйым­дас­тырылған осы маңызды халық­ара­лық басқосуға Еуропарламент делегациясы, Мәжіліс пен Сенат депутаттары, күн тәртібіндегі мәсе­лемен айналысатын еліміздің барлық мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Басқосудың алғашқы күні оты­рыстың тең төрағалары – Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров осы палата аты­нан және Паоло Бар­толоцци Еуро­па­лық Парламент атынан құттықтау сөз сөйледі. Владимир Бобров өз сөзінде биылғы жылы қазан айында Еуроодақ басшы­лы­ғының шақыруымен Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың Брюссель қала­сына сапары жоспарланып отырғанын жет­кізді. Онда еліміздің ЕҚЫҰ-ға жетекшілік етуі және басқа мәселелер сөз болады деп күтілуде. Осы орайда “Қазақстан Респуб­ликасы-Еуропалық Одақ” Парламенттік ынтымақтастық комитетінің де айтарлықтай рөл атқаратыны белгілі. Отырыста Қазақстан-Еуроодақ қарым-қатынасы және “Қазақстан Республикасы- Еуропалық Одақтың” әріптестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жүзеге асуы жөнінде пікір алмасылды. Сонымен қатар, 2009-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдар­ла­ма­сының іске асырылуы мен 2009-2013 жыл­дарды қамтитын ЕО-ның Орталық Азиядағы стра­тегиясы,  Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мәселелері талқыға салынды. Екінші күнгі отырыста да бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Қазақстандағы және Еуроодақтағы саяси үде­рістердің дамуы: демократия, адам құқығы және конституциялық даму, саяси плюрализм, заңдардың рөлі, БАҚ бос­тандығы, қоғамдағы әйелдердің жағдайы мен басқа да мәселелер күн тәртібіне шығарылды. Адам саудасы, есірткімен күрес, лаңкестік және ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес мәселелері сөз болды. Қазақстан Республикасының 2009-2012 жылдарға арналған Адам құқықтары сала­сындағы ұлттық жоспары таныс­ты­рылды. Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов Қазақстандағы адам құқық­тарының жағдайы туралы ұлттық жоспар жөнінде әңгімеледі. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.