ЕО делегациясын Еурокомисияның Вице-президенті және ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Ж.Боррелл мырза басқарды.
Кездесу барысында өзекті өңіраралық және жаһандық мәселелер, соның ішінде қауіпсіздіктің жалпы сын-қатерлері, Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, экономикалық, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты, қоршаған ортаны қорғау, су пайдалану және климат, сондай-ақ білім, ғылым және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды талқыланды.
Қазақстандық делегация басшысы 2022 жылғы 27 қазанда Астанадағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің тарихи алғашқы кездесуінің негізгі қорытындыларын атап өтіп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асырудың маңыздылығынтоқталды. Ол сондай-ақ әлемде және өңірде қарқынды өзгеріп жатқан ахуал жағдайында өзара мүдделерді сақтай отырып, тараптардың күш-жігерін үйлестіруді күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті.
М.Тілеуберді Қазақстанның ғылымның, технологиялар мен инновациялардың негізгі рөліне назар аудара отырып, жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға және еуропалық әріптестермен өзара байланысты жақсартуға дайындығын атап өтті.
Осыған байланысты ол еуропалық тарапқа жаңа өңіраралық өзара іс-қимыл бағдарламаларын бастау туралы ұсыныс жасады.
Қазақстанның бастамасын Орталық Азияның барлық мемлекеттерінің өкілдері толық қолдады.
СІМ басшысы сондай-ақ Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін жасалған қолайлы инвестициялық ахуал туралы атап өтті, елге 400 млрд.доллардан астам шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал етті.
Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды.
Айта кетсек, 2023 жылдың мамырында Астана қаласында Екінші ОА-ЕО экономикалық форумы өтеді.