Аймақтар • 19 Қараша, 2022

Абай облысында жаңа мектеп ашылып, тұрғындарға баспана берілді

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бесқарағай ауданының Жыланды ауылында жаңа мектеп ашылып, Аягөз ауданында баспанаға мұқтаж отбасыларға пәтер кілті табысталды, деп жазады Egemen.kz.

Абай облысында жаңа мектеп ашылып, тұрғындарға баспана берілді

Жыланды ауылындағы білім беру мекемесі 100 балаға арналған. «Жыланды негізгі мектебі» КММ-інде 1-9 сыныпқа дейін оқытады. Мектепте 69 бала білім алуда. Мектептің құрылысы осы жылдың 16 наурыз айында басталып, қараша айында аяқталған. Бүгінде мектеп заман талабына сай құралдармен жабдықталып, балалардың түрлі секцияларға қатысып, робототехникамен айналысуға толық мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар Аягөз ауданының орталығында «Қуаныш» мөлтек ауданында баспанаға мұқтаж азаматтарға 29 тұрғын үйдің кілті табысталды.

55

Баспана I, II санаттағы мүгедектігі бар азаматтарға, мүгедек бала асыраушыларға, толық емес отбасылар, үйлері апаттық жағдайдағы азаматтарға берілді.