фото: Ерлан Омар
Бұл туралы қазіргі Мемлекет басшысы өзінің сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін айтты.
Журналистер Президентке Қазақстаннан заңсыз шығарлыған қаржы туралы сауал қойды.
Сұраққа жауап бере отырып, Мемлекет басшысы елімізде Қазақстаннан заңсыз әкетілген қаражатты қайтару жөніндегі комиссия құрылғанын еске салды. Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы жеке қадағалайды.
«Бас прокурордың басшылығымен арнайы комиссия құрылды, мен бұл комиссияның жұмысын өзім қадағалаймын. Жақын арада біз елімізден заңсыз әкетілген капиталды қайтару туралы заң қабылдауымыз керек деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге берген сұхбатында.