Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Атыраулықтар 261 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, таңғы 07:00-де 261 сайлау учаскесі жұмысын бастады, деп жазады Egemen.kz.

Атыраулықтар 261 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

Оның ішінде 11 жабық учаске бар. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 1966 адам енгізілген.

«Атырау облысында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің құрамына саяси партиялардан 1306 (66,43%), қоғамдық бірлестіктерден 660 (33,57%) адам ұсынылды. Қазір сайлаушылардың саны 409 949 адамды құрады. Өзге облыстардан өз өтінішіне сәйкес тізімге енгізілген 12 956 сайлаушы бар», деп ақпарат таратты аумақтық сайлау комиссиясынан.

Кандидаттардың сенім білдірген 784 өкілі тіркелген. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның 2 халықаралық байқаушысы келген.

Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығы ашылды.