
«Елімнің іргесі шайқалмасын, мықты болсын, бірауызды болайық, ұрпағымыз ақылды болсын, болашағымыз бекем болсын деген өзімнің жүрек қалауыммен келген дауысымды бердім. Кімге дауыс бергенімді оны уақыт өзі көрсетеді. Бірақ біз жаңа Қазақстанның жаңғырып, болашаққа нық қадаммен басып келе жатқан батыс пен шығыстың осынау қиын кезеңінде өзін-өзі аман сақтап қалатын ұлтыма, ұрпағыма болашақты қамтамасыз ететін Қазақстанға дауыс беру үшін келдім», деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.