«Менің елім – Қазақстанымның болашағы үшін ертемен тұрып, қос немеремді ертіп, отанымыздың жаңа президентін сайлауға дауыс беріп келдік. Менің ойымша, Қазақстан қоғамы тірі, ояу болу үшін әр азамат белсенді болуы керек. Саяси белсенділік ең алдымен осындай сайлау кезінде көрінеді. Біз өз таңдауымызды жасадық. Келешегіміз жарқын болады деген сенімім мол», дейді Үзілдік Елеубайқызы.