28 Мамыр, 2010

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Террорға қарсы орталығының ведомствоаралық үй­лестіру комиссиясының кезекті мәжілісінде 2011 жылы болатын 7-ші Қысқы Азия ой­ын­­дарын өткізудің қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мәселесі талқыланды. Комиссия жұмысына Президент Әкім­шілігінің, министрліктер мен ведомство­лардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Мәжіліске қатысушылар Қысқы Азия ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша тиісті хатта­малық шешім қабылдады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.