Сайлау • 20 Қараша, 2022

ПІБ ауруханасында 100 жастағы қария сайлауға қатысты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында 100 жастағы қария Ізгілік Дабаев дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

ПІБ ауруханасында 100 жастағы қария сайлауға қатысты

Қазір ауруханада ем алып жатқан ақсақал сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Аты аңызға айналған Ізгілік ата Ұлы Отан соғысына қатысып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен. Ол Бауыржан Момышұлы, Климент Ворошилов, Георгий Маленков, Джавахарла́л Нерумен кездескен.

Леонид Брежнев, Дінмұхаммед Қонаев секілді тұлғалармен бірге жұмыс істеген. КСРО Журналистер одағының мүшесі, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің марапаттау бөлімін басқарған.