Оқиға • 20 Қараша, 2022

Елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айту жеделхатында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріледі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылатын болады.

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден үш адамды аман алып қалған болатын. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілердің өздерін де күйік шалған.

Дәрігерлер Асқар Забикулиннің өмірі үшін үш күн бойы күресті. Өкінішке қарай, өжет азамат аурухана төсегінде көз жұмды.