
«Қадірлі ағайын, бүгінгі күн – мемлекетіміз үшін, еліміз үшін ең бір маңызды күндердің бірі. Біз ата-бабамыздың аманатын арқалаған елміз. Келешек ұрпақтың арман-мүддесіне жауапты елміз. Сондықтан келіп, өз үміткерлеріңізді таңдаңыздар, дауыс беріңіздер! Мен де өз дауысымды бердім», деді Досхан Жолжақсынов.