Сайлау • 20 Қараша, 2022

10 мемлекетте дауыс беру аяқталды - СІМ

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ОСК алаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко арнайы брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 мемлекетте дауыс беру аяқталды - СІМ

Роман Василенко шетелде дауыс беру қарқыны қалай өтіп жатқанын айтып берді. 

Жалпы кезектен тыс президент сайлауына байқаушы ретінде көптеген шетелдік бақылаушылар қызығушылық танытты. Министр орынбасары атап өткендей, 10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен аккредиттелген байқаушылардың жалпы саны 641 адамды құрады. 

Сондай-ақ сайлау жөніндегі ақпараттарды 264 шетелдік журналист таратып жатыр.

«Шетелде тұрып жатқан қазақстандықтардың конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында 53 мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды. Жалпы, шет мемлекеттерде 12 841 сайлаушы тіркелді. 19:00-дегі жағдай бойынша шет мемлекеттерде 10 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Атап айтқанда, Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Тайланд, Индонезия және т.б. Осы уақытқа дейін 7 400-ге жуық, яғни шетелде жүрген қазақстандықтардың 57%-дан астамы дауыс беріп үлгерді», деді Роман Василенко. 

Спикердің айтуынша, Сан-Францискодағы сайлау учаскесі әлі ашылмады.