Сайлау учаскесінде 8 байқаушы тіркелген болса, мұнда барлығы 1656 сайлаушы бар екен. Немересін ерткен әжелерге дейін жүр. «Сайлаушылар белсенділігі қалыптағыдан жоғарырақ», дейді Р.Әбішев.
Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында орналасқан №577 сайлау учаскесіндегі комиссия төрағасы Мапруза Жұмабаева, ЕҚЫҰ-дан екі байқаушы келгенін, олардың ешқандай ескерту жасамағанын, сайлау процесіне оң пікір айтқанын жеткізді. Мұнда дауыс беруге келген адамдарға ыстық тамақ сататын орын да дайындалған екен. Сегіз көшенің 1 633 сайлаушысын қамтитын сайлау учаскесіне күндізгі сағат 11.00 шамасында 300-ден артық сайлаушы келіп, дауыс беріп үлгерген.
Қаланың қақ ортасындағы, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханаға орналасқан №586 сайлау учаскесінде 1281 сайлаушы тіркелген. Сайлау комиссиясының төрағасы Галина Митрофанова халықтың көбі түстен кейін келгенін айтады. Бұл аймақта кілең мемлекеттік органдар мен кәсіпорын-мекемелердің офистері орналасқандықтан тұрғын үй саны аздау. Біз әңгімеге тартқан Мұрат Әлібеков деген азамат өзінің таңдауын жасағанын, енді соны бекітуге дауыс беруге келгенін айтты. «Ауылға асығыс кетіп бара жатыр едім, алайда шаруа ешқайда қашпас. Өзімнің сенген кандидатымның өткені керек», деді жігіт ағасы.
Солтүстік Қазақстан облысы