Президент • 21 Қараша, 2022

Қостанайдағы өрт: Әулиекөлді қалыпқа келтіруге атсалысқан азаматтар наградталады

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқандарды наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайдағы өрт: Әулиекөлді қалыпқа келтіруге атсалысқан азаматтар наградталады

«Құрмет» орденімен:
 
1) Ибраимов Дәулет Дулатұлы - «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;
 
2) Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры;

3) Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы - «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры.
 
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен:
 
1) Владимирова Оксана Рашитовна - «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы;

2) Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы - «БК-Строй ЖШС тас қалаушысы.
 
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

1) Арыққұлов Ерболат Болатұлы - «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;

2) Әбдіков Дархан Жәнібекұлы - «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары;
 
3) Бекжанов Тайыр Ренатұлы - «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры;
 
4) Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы - «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;

5) Ким Сергей Романович «БК-Стройпром» ЖШС директоры.

 

 Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.